"Ақылды адамдар тойға бармайды": Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр

21.05.2024, 09:06
7003
"Ақылды адамдар тойға бармайды": Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр Бейнежазбадан

Ғалым Qazaq Airan арнасына сұхбат беріп, қазақы менталитет туралы пікір-пайымын жеткізген.

Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

“Қытайларда той жасау секілді әдет жоқ, өмір бойы жұмыс істейді. Қазақтар секілді кез келген қуанышқа арнап жасайтын тойлар Түркияда да жоқ. Бұл қазақтардың халық ретінде бос уақыты көп, өз ісі мен кәсібі жоқтығын аңғартады. Жеке кәсіппен айналысатын қазақтар аста-төк тойлардан бас тартып жатады. Ал Қазақстан жағдайында кәсібі жоқ, тұрақты жұмысы жоқ адам өзін жұбату үшін той жасай береді” – дейді Омар Жәлелұлы. 

Абайтанушы көршілес Өзбекстанның тойларынан мысал келтіреді. 

“Өзбекстанда тойды таңертең ерте өткізу әдетке айналған, адамдар уақытты босқа өткізбей, одан кейін жоспарлы істерін шешуге үлгеруі үшін. Міне, нағыз іскер ұлттың мысалы”, – дейді ғалым.

Ғалым Қазақстанда аптаның жеті күнінде де өте беретін тойларды сынға алып, ақылды адамдардың тойға бармайтынын айтты. 

“Қазақстанда ақылды адамдар тойға бармайды. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаев өз заманында тойға бармаған. Өйткені ғылыми тұрғыдан алғанда, бәрі айқын: бұл уақытты ысырап ету. Той режимді бұзып, ғылыми қызметке зиянын тигізеді”, – дейді Омар Жәлелұлы. 

Ғалымның айтуынша, бұрын тойды тек байлар жасаса, ал қазіргі тойлар ақша жинаудың бір түріне айналып кеткен. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды