«Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті
Әнші Өмірқұл Айниязовтың немересі дүниеге келді.
Әнші қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Осыдан 4 ай бұрын "балалардан ұят болды-ау" деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым, ағайын. Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жазып жатыр.