11 баланың әкесі, марқұм полицей Ғалым Арыстанбаевтың бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)

18.08.2024, 19:36
1240
11 баланың әкесі, марқұм полицей Ғалым Арыстанбаевтың бейнежазбасы тарады (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Ол көзі тірісінде 8 баласын асырап алғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі әлеуметтік желіде 17 тамыз күні қызмет барысында жол-көлік апатынан қаза тапқан полиция капитаны, 11 баланың әкесі Ғалым Арыстанбаев туралы жүрек тебірентер видео жариялады.

Видеоның мәтіні алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің “ШаҺид болған достарыма” деген өлеңімен басталған.

“Дүниеде ер жігіттің өлгені арман,
Қадірсіз айдалада көмгені арман.
Мехнатты, қайғы, қасірет, былғанышты
Бәрінен сұм дүниеге келгені арман”, деген Сәкеннің өлең жолдары денеңді түршіктіріп-ақ жібереді.

Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қаза тапқан әріптестерінің ата-аналарына, жұбайлары мен балаларына, жақындары мен ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтады.

“Олардың жарқын бейнесі мен оң істері әрдайым жадымызда сақталады”, делінген желідегі жазбада.

Еске сала кетсек, 17 тамызда сағат 01:00 шамасында "Меркі - Шу - Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 6 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз. Сондай-ақ қызмет бабында қаза тапқан полицейдің бірі "100 жаңа есім" жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, 11 баланың әкесі 46 жастағы Ғалым Арыстанбаев екенін де жаздық.

Марқұмға бүгін Айбын ордені берілді.

 

Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр