Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі - Қасым-Жомарт Тоқаев

21.05.2024, 15:59
857
Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі - Қасым-Жомарт Тоқаев happylove.top

Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі.

Бұл туралы бүгін Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Былтыр менің Жарлығыммен еліміздегі іргелі мәдениет ордаларына ұлттық және академиялық мәртебе берілді. Бұл шешім өнер ұжымдарының шығармашылық өрісін кеңейтіп, олардың кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіне жол ашатыны сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыс биыл да жалғасады. Еліміздегі ең басты үш музейге, яғни үш мұражайға ұлттық мәртебе беріледі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент қазіргі заман талабына сай музей қоғам санасын жаңғыртуға зор ықпал ететін озық институтқа айналуы керектігін баса айтты.

«Сол арқылы жас ұрпақ төл тарихымыз бен салтымызды терең танып, одан тағылым алуы қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады