Ғани Бейсембаев директордың жеке дәретханасы туралы дауға пікір білдірді

21.05.2024, 16:24
791
Ғани Бейсембаев директордың жеке дәретханасы туралы дауға пікір білдірді primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі сыртқы дәретхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

 

«Алматы облысы Төңкеріс ауылында түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады. Онда мектеп директоры өзінің жеке дәретханасын ашып алған. Ал жүзден астам мұғалім бір әжетханаға барады. Бұл оқиғадан хабарыңыз бар ма?», - деп сұрақ қойды тілшілер.

Министр бұл бір ғана жағдай екенін және мәселені білім басқармасы қатаң бақылауда ұстап отырғанын айтты.

«Бірінші анықтап алайық. Оқиғаның қаншалықты рас екені, өндіріске, білім сапасына, мектеп жұмысын үйлестіруге келтірілген басқа да залалдары анықталса, тиісті қатаң шаралар қолданылады. Тексеру соңын күткен дұрыс деп ойлаймын», - деп жауап берді Оқу-ағарту министрі.

Жалпы мектептегі дәретхана тақырыбы үнемі қоғам наразылығын тудырып келеді. Министр жаңа оқу жылында сырттағы дәретханалар толығымен жойылатынын айтты.

«2021 жылы осы мәселе көтерілгенде мектеп сыртындағы дәретханалар саны 2 700-ді құраған еді. Бүгінгі күні атқарылған іс-шаралар нәтижесінде 10 әжетхананың ғана сыртты орналасқаны анықталып отыр. Бұдан бөлек, мектеп ішіндегі жылы әжетханалар болғанына қарамастан, сырттағы әжетханаларды толыққанды жабылмағанын көріп отырмыз. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Жаздың үш айында максималды түрде бұл мәселені толықанды шешуге тырысамыз. Дей тұрғанымен алыс жерлерде 10-20 бала оқитын мектептер бар. Ол мектептерде ішкі әжетхана орнатуға қатысты шешілмеген мәселелер түйінін биыл шешу жоспарлануда», - деп толықтырды Ғ. Бейсембаев.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді