"Батыстың жігітімен сөйлеспеймін дедім": Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды

21.05.2024, 17:48
1344
"Батыстың жігітімен сөйлеспеймін дедім": Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды Балжан Бидаш

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы сыр шертіп, қалың көпшілікке өзіне қатысты тың жайтты ақтарды.

 Өнер иесі тұрмысқа шықпас бұрын батыстың жігіттері мүлдем талғамына сай болмағанын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz жазады.

Балжан Бидаш басы бос кезінде батыс өңірдің жігіттері мен актерларды мүлдем қарастырмағанын алға тартты.

"Негізі "мынандай жігітпен таныспаймын, жүрмеймін" деген талабыңды сыртқа шығарғанша, сол энергетиканы іште сақтаған дұрыс. Мысалы, мен тұрмысқа шығар алдында "батыстың жігіттерімен сөйлеспеймін, актер жігіттер ұнамайды" деп көп айтатынмын. Ондай жігітпен таныспаймын, тұрмысқа шықпаймын деген ойда болдым. Түбінде дәл сол нәрсе орындалды", - деді әнші ару.

Сонымен қатар өнер иесі ажырасқан ер адамға тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты.

"Махаббат деген нәрсе бар. Қанша жерден талғамыңа сай келмесе де, жақсы көріп қалсаң өз сөзіңе өзің қарсы шығасың. Ең бастысы, әйелі бар адамдармен сөйлеспей, жақындамаған дұрыс. Сол отбасыны бұзбаған дұрыс. Ал енді ажырасқан, балалары болса уақыт көрсетеді. Мен өзім қазір жеке өмірге мүлдем дайын емеспін. Бұгінде жеке өмірді шетке ысырып қойдым", - деп ағынан жарылды Балжан Бидаш "Мамский әңгіме" бағдарламасында.

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?