4374

"Туған күніме сыйлыққа келді": Айнұр Тұрсынбаева халыққа 35 мың долларлық сөмкесін көрсетіп мақтанды

Танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күніне сыйға алған сөмкесін көрсетіп, мақтанды.

"Туған күніме сыйлыққа келді": Айнұр Тұрсынбаева халыққа 35 мың долларлық сөмкесін көрсетіп мақтанды
Caravan.kz

Айтыскер ақын Instagram желісінде туған күніне қымбат сөмке алғанын айтты. Сөзінше, сөмкенің құны 35 мың доллар тұрады екен.

Десе де ақын қымбат сөмкені ұнатпағанын, сөйтіп Әминә есімді тұрғынға пәтер сыйлау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Сонымен бірге айтыскер ақын сөмке мен киім-кешекке қызықпайтынын, оның орнына алтын мен бриллиантты жақсы көретінін атап өтті.