639

Ертең президент Сингапурға барады

Мемлекет басшысы 23-24 мамырда президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады,

Ертең президент Сингапурға барады
Ақорда

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Бұған қоса мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.