"Димаштан да биік": Иманбаева мықты шәкірттер тәрбиелей алатынын айтты

22.05.2024, 17:59
1243
"Димаштан да биік": Иманбаева мықты шәкірттер тәрбиелей алатынын айтты Бейнежазбадан

Иманбаева Лондонда шәкірт тәрбиелеу үшін көп нәрсе үйренгенін атап өтті.

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева жақында ғана өзі білім алып келген Лондон қаласы жайлы сөз қозғап, алған білімімен шәкірт тәрбиелеуді жалғастыратынын айтты. Ол қазақта Димаш Құдайберген секілді көптеген жас талант бар, оларды көпшілік алдына шығару керек деген пікірде, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бұл туралы өнер иесі "Qazaqstan" телеарнасынан шығатын "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады. 

Лондон қаласында білім алып келген өнер иесі өзінің шетелден үйренгендерін тәжірибеде қолданатынын, әсіресе, шәкірт тәрбиелеу үшін көп нәрсе үйренгенін атап өтті.

"Менің өзімнің АИ академиям бар, АИ театрым бар, мемлекеттік университетте АИ шеберханам бар. Мен жасайтын жұмыс көп. Сол себепті де қазір мен жиып-теріп әкелген энергиямды да, ойымды да талан-таражға түсірмей, үйренгенімнің бәрін, жазатынын жазып келдім, соның бәрін шәкірттеріме беремін. Әр өнер адамының арқалап жүрген миссиясы бар, жолы бар. Менің миссиям – алдымда 500 шәкірт отыр, оқушысы бар, студенті бар, шәкірті бар,  сол ұрпақтың өресі биік болуы, білімді болуы, талантты болуы. Оның нәтижесін Димаш көрсетті, яғни Димаштан асып түсетін, Димаштың деңгейінде жүретін қазақта өресі де биік, білім де жоғары талантты ұл-қыздары жетеді. Оларды жол көрсетіп тәрбиелейтін кім? Яғни өресі бар, білімі бар, таланты бар ұстаз. Мен өзімді сол қатардан көремін", - деді Айгүл Иманбаева.

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?