650

Алматыда қарт кісіні соққыға жыққан жас жігіт ұсталды

Алматының орталығында қарт адамды жұдырықтың астына алған ер адамның кім екені анықталды.

Алматыда қарт кісіні соққыға жыққан жас жігіт ұсталды
Бейнежазбадан

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Әлеуметтік желіде оның видеосы пайда болды. Бұл жағдай бүгін қаланың орталығында орналасқан «Столичный Центр» тұрғын үй кешенін маңында болған. 

Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Құқық бұзушы ұсталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Ер адамның алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.