923

Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
freepik.com
 

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында болған.

Аталған деректі растаған полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 жастағы күдікті ұсталған.

«Полиция қызметкерлері «Жұлдыз» шағын ауданының аумағында орналасқан балабақша ауласында бұралқы итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдікті итті теуіп, жарға лақтырған. Қазір күдіктіге қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.