Түркістан облысында оқушы қызды бопсалап өлтірген күдікті 16 жылға сотталды

23.05.2024, 14:05
683
Түркістан облысында оқушы қызды бопсалап өлтірген күдікті 16 жылға сотталды canva.com

Түркістан облысында оқушы қызды бопсалап, кейіннен пышақтап өлтірген екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қаралды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оқиға өткен жылдың сәуір айында Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында болған. 9-сынып оқушысын бір мектепте оқитын 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы бопсалап, ақша сұраған.

«Бір миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды желіге жариялаймыз» деп қорқытқан. Ал, кейіннен қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген.

Өткен жылы сот үкімімен негізгі сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған болатын. Ал, сыбайласы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 132-бабының 4-бөлігі, 194-бабының 2-бөлігінің 2)-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 7,10,14-тармақтарымен айыпталған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қайта қаралды.

Алқабилердің шешімімен негізгі сотталушыға шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 132-бабының 4-бөлігімен, 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылған оған түпкілікті 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Ал, екінші сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол да жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды