СҚО-да бес мектептің 800-ге жуық оқушысы емтиханнан босатылды

23.05.2024, 14:20
709
СҚО-да бес мектептің 800-ге жуық оқушысы емтиханнан босатылды canva.com

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты бес мектептің оқушысы - 754 бала барлық емтихандардан босатылды.

 

СҚО білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Петропавл қаласындағы №12,13,14 орта мектептері және Қызылжар ауданындағы Озерный мен Большая Малышка ауылдарындағы білім ордаларының оқушылары емтихандардан босатылған.

«Білім сапасы бірінші орында тұр. Сондықтан мамырдың 27 мен 31 аралығында және тамыздың 26 мен 30 аралығында жазғы мектеп жұмыс істейтін болады. Онда 1-8 және10 сынып оқушылары өткен тақырыптарды қайталайды. Жазғы мектептер облыстың 422 білім ордасында ұйымдастырылып, 21 мыңнан астам оқушыны қамтымақ», – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова.

СҚО-да биыл 9-сыныпты 7 мыңға жуық бала бітіреді. Ал 11-сыныпты 3,3 мың оқушы тәмамдамақ.

Облыста 11-сынып түлектерінің 85-і «Алтын белгіге» үміткер. Ал ерекше үлгідегі аттестатқа 11-сыныптың 177 және 9-сыныптың 382-і оқушысы қол жеткізуі мүмкін.

«Мектепті бітіру, сынып сағаттары, аттестаттарды тапсыру іс-шараларын ұйымдастыру кезінде педагогикалық әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, мерекелік іс-шаралар агенттіктерін, жеке студияларды тартуға, авто және лимузиндерді жалға алуға қаражат жинауға жол берілмейтінін атап өткім келеді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар жинауға тыйым салынады», - дейді Татьяна Протопопова.

Аттестаттар маусымның 12 мен 15 аралығында мектептерде табысталмақ.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды