Мексикалық жанкүйер Димаш Құдайбергенді сахнада сүйіп алды
Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің назарын аударды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концерті кезінде болған оқиға желіде қызу талқылануда. Өнер көрсету барысында көрермендердің бірі әншіні сахнада сүйіп алды.
Оқиға әртіс «Bésame mucho» әнін орындап жатқан сәтте болған. Әлеуметтік желі қолданушылары мексикалық жанкүйердің бұл әрекетін әннің мағынасымен байланыстырып, оның темпераментіне таңғалыс білдірді.
Бұл видео әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушылары әншінің мұндай жағдайға тап болғанына қатысты түрлі пікірлер жазып, әзіл-шыны аралас оны елге оралуға шақырды.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы гастрольдік сапары сәтті өтуде. Бұған дейін әнші Мерида қаласында аншлагпен концерт беріп, Монтеррейде өз бейнесі бейнеленген алып муралды көргенде ерекше әсерленген болатын.
Материал авторы