Қазақстанда 23 қарашаға арналған дауылды ескерту жарияланды
Астана мен ірі қалаларда ауа райының қолайсыздығы сақталады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 23 қарашаға арналған ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, ел аумағында тұман түсіп, солтүстік, батыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты қауіпті ауа райы сақталады. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында да тұман мен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түркістан облысының таулы асуларында желдің жылдамдығы 28 м/с-қа дейін жетеді деп болжанып отыр. Жүргізушілер мен тұрғындарды жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырылады.
Материал авторы