Бір жыл бұрын қамауға алынған журналист Думан Мұхаммедкәрім сотқа таяқ ұстап келді

23.05.2024, 15:40
972
Бір жыл бұрын қамауға алынған журналист Думан Мұхаммедкәрім сотқа таяқ ұстап келді ulysmedia

Сот болатын күні Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі мен прокуратура өкілдері сот ғимаратының алдында келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Думан Мұхаммедкәрімнің соты жабық өтті. Процеске оның адвокаттары мен әкесі ғана кірген. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Сот болатын күні Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі мен прокуратура өкілдері сот ғимаратының алдында келген. Олар журналистің жақтастарын сырттай бақылап тұрған.

– Думанның шешесін сотқа кіргізбей қойды. Бүгін прокурор айыптау актісін оқыды. «Осыншама адам ақша аударған» дейді. Бірақ ол Думанға кейін аударған кісілер ме, дейін аударған кісілер ме – онысын нақтылап айтқан жоқ. Олар қай күні қай сағатта аударғаны жөнінде де ақпарат берген жоқ. Думан Мұхтар Әбіләзовпен сұхбатында ҚДТ және Көше партиясы туралы айтылған жоқ деді. Олар (айыптау тарапы) «сен экстремистік ұйым туралы ақпарат тараттың» дейді. Бірақ Думанның сұхбатында ол партиялар туралы бір ауыз да сөз болмаған, – дейді Алмас Тілепов.

Алмас Тілепов “бұлар қалайда Думанды кінәлі етіп көрсеткісі келеді” деп қосты.

– Істі созған себебі – бұған дейін Думанды жұлқылап, суық машинамен әкеліп, қайтадан апарды. Зорлық-зомбылық көрдім деп Думан арыз жазған, бірақ іс қозғаған жоқ. Біз апелляцияға беріп қойдық. Оның үстіне бұлар біздің психологтың сараптамасын қабылдамай қойды. Бұлар біржақты Думанды кінәлау үшін жұмыс істеп жатыр.

Думан бұған дейін аштық жариялады. Бүйрегі ауырады. Жазылған жоқ. Оның үстіне тар қапаста қамалып жатқаннан кейін жүйкесіне салмақ түседі. Талдықорғаннан таңғы сағат бесте селкілдеген көлікпен алып келген. Енді қайтадан селкілдетіп әкетіп барады. Бұл да қысымның бір түрі деп бағалаймын. Алматыға ауыстыр деп айттық, бірақ реакция болған жоқ. Қазір таяқпан жүріп қалды, аяғы қақсайды, – дейді Алмас Тілепов.

Ал журналистің адвокаты Думан Мұхаммедкәрімнің өзі жазған арыз бойынша істің ашылмағанымен келіспейді.

– Аштықты тоқтатты. Денсаулық нашар. Сіз оның бұрын қандай болғанын, қазіргі күйін фотосуреттен көрген шығарсыз. Думан Мұхаммедкәрімге қатысты азаптау ісі тоқтатылды. Біз бұл шешімге қарсымыз. Келесі сот отырысы 27 мамырда өтеді, - дейді журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов.

Думан Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген.

Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады.

Ол 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда болды. Оған Мұхтар Әбіләзовпен сұхбаттан кейін "экстремизмді қаржыландырды" деген айып тағылған еді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.

Таяуда Human Rights Watch халықаралық ұйымы журналист Думан Мұхамедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырған еді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)