Алматыда Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

23.05.2024, 16:10
1397
Алматыда Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды ашық дереккөзден

Іс-шараның ашылу рәсіміне тұрғындармен қатар қоғам қайраткерінің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова және ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.

Іс-шараның ашылу рәсіміне тұрғындармен қатар қоғам қайраткерінің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова және ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.

Айта кетсек, Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. ҚазПТИ-ді (политехникалық институт) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Кеңес өкіметі тұсында еңбекке араласып, құрылыс бригадирінен Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысына дейін өскен. Алматы қалалық кеңесінің төрағасы, Алматы қаласының әкімі, Мәжіліс депутаты болды, Алматы облысы мен төтенше жағдайлар агенттігін басқарған.

Заманбек Нұрқаділов Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңадан құрылған жас мемлекеттегі беделді саясаткерлердің бірі болды. Алматы қаласы атқару комитетінің төрағасы, бүгінгі тілмен айтқанда, қала әкімі болды.

Алғашында Нұрқаділовтың мансабы бірыңғай өсіп келе жатты. Бірақ 1990 жылдардың ортасында жоғары жақтың көзқарасы өзгеріп,  Заманбек Қалабайұлы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы мінез көрсете бастады. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Нұрқаділов Нұрсұлтан Назарбаевтың үзеңгілес жолдастарының, сенімді серіктерінің бірі болды, ол Назарбаевқа сол кездегі ықпалды Парламент - Жоғарғы Кеңесті қолына алуына және билігін нығайтуға көмектесті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды