880

Тағы бір қазақстандық ару Эверест шыңын бағындырды

23 мамырда тағы бір қазақстандық ару Жәмилә Баширова Эверест шыңын бағындырды.

Тағы бір қазақстандық ару Эверест шыңын бағындырды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ қызының жетістігі туралы 14 PEAKS EXPEDITION альпинизм бойынша логистикалық компаниясы мәлім етті. 

"Біз командамыздың әлемнің биік шыңындағы керемет жетістіктерімен бөлісуге қуаныштымыз! Бүгін, яғни 2024 жылғы 23 мамырда біздің белді альпинистер Эверест шыңына шықты.

Бұл тамаша ерлік біздің экспедициямыздың әрбір мүшесінің қажымас қайраты мен қажырлы еңбегін көрсетеді", - делінген жазбада

Шыңға шыққан альпинистер тізімінде қазақстандық қыз Жәмиля Баширова да бар.

 
Тізім
Тізім. Скриншот: instagram.com/14peaksexpedition

Айта кетейік, 12 мамырда тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Анна Бурашева Эверест шыңын бағындырды.

Материал авторы