Бибісара Асаубаева АҚШ-та 35 мың доллар жүлде ұтып алды
Қазақстандық шахматшы АҚШ-тағы беделді турнирде үздік үштікке енді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен халықаралық Cairns Cup 2026 супертурнирінде үздік үштіктен көрініп, 35 мың доллар көлеміндегі жүлдеге ие болды.
Соңғы турда Асаубаева ақ фигуралармен Үндістан өкілі Конеру Хампиге қарсы ойнап, партияны тең аяқтады. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы 5 ұпай жинап, америкалық Кларисса Иппен бірге үшінші орынды бөлісті.
Осы нәтижесі үшін Асаубаева 35 мың доллар көлеміндегі жүлдеге ие болды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрады.
Турнирде кімдер жүлде алды?
Бірінші орынды Қытай шахматшысы Тань Чжунъи иеленді. Ол 6,5 ұпай жинап, 65 мың доллар сыйақы алды.
Екінші орын АҚШ өкілі Элис Лиге бұйырды. Ол 6 ұпай жинап, 50 мың доллар иеленді.
Үздік үштікті 5 ұпаймен Бибісара Асаубаева мен Кларисса Ип бөлісті. Екеуіне де 35 мың доллардан берілді.
Турнирдің қорытындысы:
-
Тань Чжунъи (Қытай) – 6,5 ұпай, 65 мың доллар;
-
Элис Ли (АҚШ) – 6 ұпай, 50 мың доллар;
-
Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 5 ұпай, 35 мың доллар;
-
Кларисса Ип (АҚШ) – 5 ұпай, 35 мың доллар;
-
Анна Музичук (Украина) – 4,5 ұпай, 13 667 доллар;
-
Дивья Дешмух (Үндістан) – 4,5 ұпай, 13 667 доллар;
-
Ставрула Цолакиду (Грекия) – 4,5 ұпай, 13 667 доллар;
-
Конеру Хампи (Үндістан) – 3,5 ұпай, 9 мың доллар;
-
Александра Костенюк (Швейцария) – 3 ұпай, 8 мың доллар;
-
Вайшали Рамешбабу (Үндістан) – 2,5 ұпай, 7 мың доллар.
Материал авторы