Бахтиер Зайнутдинов футболдан Түркия кубогын жеңіп алды

24.05.2024, 11:13
928
Бахтиер Зайнутдинов футболдан Түркия кубогын жеңіп алды besiktas

«Бешікташ» командасында өнер көрсететін, Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Түркия кубогын иеленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов cтамбұлдық "Бешікташ" командасымен бірге Түркия кубогының жеңімпазы атанды. 

Кеше, 23 мамырда Стамбұлда Түркия кубогының финалы өтті. "Бешікташ" футбол клубы "Трабзонспорға" қарсы ойнады. Бұл кездесуде "Бешикташ" 3:2 есебімен басым түсті. 

Жеңімпаздар сапынан Рашид Геззаль (45+3 минутта, пенальтиден), Салих Учан (54-минутта), және Аль-Мусрати (94-минутта) cалды. Ал "Трабзонспордан" Пол Онуачу (13-минутта) және Николя Пепе (89-минутта) мергендік танытты.

Бахтиер Зайнутдинов қосалқы құрамда болды және алаңға шықпады. Қазақстандық футболшы жақында ғана жарақатынан айыққан еді.

Түркия кубогы Зайнутдиновтің "Бешикташ" сапындағы алғашқы трофейі. Зайнутдинов стамбұлдық клубта 2023 жылдан бері ойнап жүр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды