«Денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр»: анасын іздеген Жәнібек тосын мәлімдеме жасады (ФОТО)

24.05.2024, 12:13
1982
«Денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр»: анасын іздеген Жәнібек тосын мәлімдеме жасады (ФОТО) жеке парақшасынан

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібек әлеуметтік желіде соңғы жаңалығымен бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібек әлеуметтік желіде соңғы жаңалығымен бөлісті.

«Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, ағалар мен әпкелер, замандастар!

Хал-жағдайларыңыз қалай? Жақсы деп ойлаймын, өйткені Сіздер туған елдеріңізде өмір сүріп жатырсыздар. Мен туған Анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтсе де анамдай болып кеткен Қымбат апайым мен әпкемдей болған Әсел, Арқалық полициясы іздеуді тоқтатқан емес. ДНҚ зерттеулері үздіксіз тапсырылып, тексеріліп жатыр, осындай маңызды жұмыс жүргізіп жатқан барша жанашырларыма алғыс айтамын», - деген ол анасын іздеу бір сәтке тоқтамағанын мәлімдеді.

Айтуынша, асырап алған анасының денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр.

«Өзіме келер болсам, жеке басым үшін соңғы кезде оңай болмай тұр. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен анама екеуміз бірге жариялаған алдыңғы бейнеролик үшін сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін көтердім. Әрине, бұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінем…

Ал жоспарым туралы айтар болсам, алдағы уақытта менің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялаймын.

Және Алла қолдасын, жақында өздеріңізбен кездесемін деп үміттенемін!», - деп аяқтады сөзін Жәнібек.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды