1004

Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді

Отандасымыз алғаш рет UFC октагонында өнер көрсетеді.

Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді
sports.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

15 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-та UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонмен кездеседі. Алмабаев пен Джонсонның жекпе-жегі турнирдің басты кардында өтпек. 

UFC Vegas 93 турнирінің басты карды төмендегідей:

Алекс Перес және Тацуро Тайра;

Андре Мунис және Икрам Алискеров;

Лукас Алмеида және Тимоти Куамба;

Майлс Джонс және Дуглас Силва де Андраде;

Асу Алмабаев және Хосе Джонсон;

Гарретт Армфилд және Брэди Хистэнд. 

Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегінде АҚШ өкілі Си Джей Вергарамен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңген еді. Осылайша кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды.

Материал авторы