«Қазақстанды жақсы көремін»: ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан атынан өнер көрсетпек

24.05.2024, 17:09
1394
«Қазақстанды жақсы көремін»: ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан атынан өнер көрсетпек Коммерсантъ

«Қазақстанның атынан шығудың ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын» дейді мәнерлеп сырғанаушы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Софья Самоделкина Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алды. Бұл туралы РИА Новости Спорт порталы жазды. 

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан төлқұжатын 2023 жылдың тамыз айында алған. Самоделкинаның анасы ертеректе ҚР азаматы болғандықтан, паспорт алу процесі жалпыға ортақ тәртіпте өтті.

Дереккөз мәлім еткендей, еліміздің мәнерлеп сырғанау ұйымы Софья Самоделкинаның Қазақстан атынан өнер көрсетуі үшін Ресей тарапына арнайы өтінім берген. Сәйкесінше Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясы бейсенбі күні бұл өтінімді мақұлдаған деп хабарланады. Демек 17 жасар мәнерлеп сырғанаушы келесі маусымнан бастап Қазақстан азаматы ретінде әлемдік додаларда өнер көрсетуі бек мүмкін. Алайда Самоделкинаның Қазақстан атынан толыққанды өнер көрсетуі үшін Халықаралық конькишілер қауымдастығы да (ISU) өз келісімін беруі қажет.

Софья Самоделкина sports.kz сайтына берген сұқбатында бұл шешімі жайлы пікірін айтқан еді.

"Қазақстанның атынан шығудың ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын. Мен бұл елді жақсы көремін. Бірнеше рет Денис Тен атындағы жарыстарға да қатысқан болатынмын", - деді спортшы.

Айта кетейік, ертеректе Софья Самоделкина өзінің бұл шешімінің мәнісін түсіндірген. Қазіргі таңда ол екі дүркін олимпиада чемпионы Евгений Плющенко атындағы академияда жаттығып жүр. Өзінің спорттық мансабы барысында мәнерлеп сырғанаушы Ресей жасөспірімдер біріншілігінің жүлдегері атанып, ересектер арасындағы ел чемпионатында 4-орын алды. Сондай-ақ Самоделкина ұлттық Гран-при кезеңдерінің алтыны мен күмісіне де қол жеткізген.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО)