965

Атырауда екі ауданның оқушылары емтиханды тапсырмайды

Атырау облысында екі ауданның оқушылары аралық және қорытынды емтиханды тапсырмайды.

Атырауда екі ауданның оқушылары емтиханды тапсырмайды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Дина Стамғалидың айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің шешіміме сәйкес Махамбет ауданында барлық мектептің, Жылыой ауданындағы 4 білім ордасының оқушылары емтиханнан босатылған.

«Атырау облысында 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау емтиханын тапсырмайтын болды. Оның ішінде Махамбет ауданындағы 16 мектептің, Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен №5, 6, 8 және 19 білім ордасының 5-11-сынып оқушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Алайда, 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. Ал, 9-сынып бітіргеннен кейін оқуын колледжде жалғастыруға ниетті оқушылар қабылдау емтиханын тапсыруы керек», - деді Дина Стамғали.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы оқу жылын 204 мектептің 148 683 оқушысы аяқтап отыр. Оның ішінде 9-сыныптың 12 700 оқушысы бар. Ал, 11-сыныпты 6 мыңға жуық түлек бітіреді.

Материал авторы