«Кешірім сұрай алмай қалдым»: марқұм ата-анасын еске алған Азамат Сатыбалды көз жасына ерік берді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
24.05.2024, 18:43
1044
«Кешірім сұрай алмай қалдым»: марқұм ата-анасын еске алған Азамат Сатыбалды көз жасына ерік берді (видео) жеке парақшасынан

Сұқбат барысында Азамат Сатыбалды әлі күнге дейін әке-шешесімен сырласатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық актер Азамат Сатыбалды марқұм ата-анасын еске алып, көз жасына ерік берді. Өнер иесі әке-шешесіне деген сағынышын "1001 түн" бағдарламасында жеткізді.

Сұқбат барысында Азамат Сатыбалды әлі күнге дейін әке-шешесімен сырласатынын айтты.

"Үйде әке-шешемнің бөлмесі бар. Әлі күнге дейін солай тұр. Осындай істердің алдында ара-тұра барып, жатамын. Әкем мен анамның төсегіне жатамын, екеуімен әңгімелесемін. Сол бөлмесі мен үшін мұражай сияқты. Ол – бітпейтін сағыныш", - деді ол.

Актер көзі тірісінде ата-анаға жақсы сөздер айту қажет екенін жеткізді. Ол әкесі қайтыс болар алдында бата бергенін айтып, көзіне жас алды.

"Пандемиядан кейін кешқұрым әкем мен анам Назым екеуміздің бөлмемізге кірді. Екеумізді жерге отырғызып, бізбен әңгімелесті. Сол кезде әкем батасын берді. "Балам, мен әкемді де, шешемді де қолымнан аттандырдым. Сонда көрші ата маған "балаңнан қайтады" деп айтып еді. Менің баламнан қайтты. Мен Назым екеуіңе екі дүниеде де ризамын" деді.

Мен сол кезде жылап қалдым да, "әке, ол менің міндетім, парызым ғой, артық кеткен жерім болса, кешіріңіз" деп кешірім сұрай алмай қалдым. Өйткені жылап, әкемді құшақтай бердім. Ол 20 күннен кейін қайтыс болды. Әлі күнге дейін сол сөзді айтпағаныма өкінемін. Қазір әке-шешесі бар адам көрсем, қызығамын, бір жағынан қызғанамын. Өйткені сауап алатын дүние көп", - деді Азамат Сатыбалды.

 

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?