Қайырымдылық шарасы: Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшқанын небәрі 1000 теңгеге бақылауға болады

24.05.2024, 19:19
784
Қайырымдылық шарасы: Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшқанын небәрі 1000 теңгеге бақылауға болады ашық дереккөзден

«Болашақ» корпоративтік қорының «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасы аясында кезекті акция басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, акцияға қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына үш күндік жолдаманы ұтып алу мүмкіндігіне ие болады, жолдама: ұшу, қоныстану, мұражайларға экскурсиялар және нағыз зымыранның ұшырылуын бақылауды қамтиды.

Кез келген ниет білдірген адам bolashakbright.kz сайтынан 1000 теңгеге қайырымдылық жасап, ғарыш айлағына сапар мен басқа да сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Акция шеңберінде жиналған қайырымдылық қаражаты ауыр науқас балалар, аз қамтылған отбасылар, ардагерлер және жетім балаларға көмек көрсететін «Боташым» қайырымдылық қорына беріледі. Қор 2017 жылдан бері БЦП, аутизм және эпилепиямен ауыратын 100 астам балаға көмектекен. «Боташым» қорын қолдау бойынша жарналар 2024 жылғы 15 маусымға дейін www.bolashakbright.kz сайтында қабылданады.

«Bolashak Bright» - бұл «Болашақ» қорының Қазақстанның қайырымдылық қорларын қолдау жобасы. Жобаның мақсаты - халық арасында қайырымдылықты насихаттау, ал жиналған қаражат Қазақстанның қайырымдылық қорларының жобаларын дамытуға жұмсалады.

«Bolashak Bright» жобасы 2023 жылдың ақпан айында танымал «Ninety One» музыкалық тобымен бірлескен жұмыстан басталды. Бір жыл ішінде қайырымдылық ұйымдарын қолдау үшін 3,5 милионнан астам теңге жиналды.  

 Жиналған қаражат буллезді эпидермолизге шалдыққан 9 жасар ұл баланың саусақтарын ажырату үшін ота жасауға «Kobelek Balalar» қорына, ерекше қажеттіліктері бар балаларға спорттық құралдар мен жабдықтар сатып алуға «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорына, аутизм бар және басқа да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арналған инклюзияны қолдау кабинетін ашуға, Жамбыл облысының балалар үйлерінің балаларына танымдық саяхат ұйымдастыру үшін «Союз Жаса» қорына жіберілді.  

Акция жеңімпаздарының ұтыстары: «Ninety One» тобының қатысушыларымен ланч, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қолы қойылған футболкасы,  «TECHNODOM» компаниясы ұсынған тау велоипеді, «Coffeeday» кофеханалар желісінен жылдық кофе қоры,  «Барыс» ХК үй ойындарын  VIP-ложада көру және басқа да сыйлықтар.  

Жобаның бас серіктесі – «Еуразиялық банк» АҚ. Жобаның серіктестері – «Rocket Go», «MYD Production» компаниялары.

«Банктің мерейтойлық 30-жылдығын біз түрлі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына қатысу арқылы атап өтуге тырысудамыз. Біздің  «Bolashak Bright» серіктестігіміз маңызды бастаманың бір бөлшегіне айналып, адамдардың назарын, қайырымдылыққа белсене қатысуға аудартады. Осы жобаға қосылған әрбір жарна мейірім шуағы болып және көмекке мұқтаж жандарға игілік пен қуаныш алып келсін» - дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ляззат Сатиева. 

Жобаға қолдау көрсеткендер: «Ninety One» тобының әншілері, олимпиада чемпионы Александр Винокуров, «Coffeeday» кофеханалар желіі, «FlyArystan», «Myd Production», «A-Event», «Sxodim Group» медиахолдингі, «TECHNODOM», «Turkish Airlines», «Sheraton Astana Hotel», «Барыс» хоккей клубы,  ҚАЗГЗУ бизнес мектебі,  «Oxy Fit&Gym» фитнес-клубы, «Global Coffee» кофехналар желісі, «Red Point Kazakhstan» маркетинг агенттігі, «The Sun».

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады