«Менімен бірге жеңіске жеткен де, қуанған да – халқым»: бүгін Илья Ильиннің туған күні

Аиса Махамбет Редактор
24.05.2024, 20:25
1041
«Менімен бірге жеңіске жеткен де, қуанған да – халқым»: бүгін Илья Ильиннің туған күні ашық дереккөзден

24 мамырда еліміздің ең табысты ауыр атлеттерінің бірі Илья Ильин 36 жасқа толып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спортшы екі мәрте Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, төрт рет әлем чемпионы атанды. Илья Ильиннің Бейжің мен Лондонда атой салған сәті мен жалынды жеңістері әлі күнге дейін халық жадында.

Ол 13 жасында ел чемпионатындағы ең жас ауыр атлет ретінде жасындай жарқылдаса, ал 23 жасында ол Олимпиада мен әлемдік додаларда рекордтар легін орната бастады. Алайда 2016 жылы спортшының жарқын да жалынды мансабы кілт үзілді. Илья Ильиннің спорттық мансабына кірбің салып, беделін түсірген Ресей мен Қазақстан спортшыларының допингтік жанжалы еді. 2016 жылдың қарашасында Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіптік комиссиясының шешімімен допинг сынамаларын қосымша зерттеу нәтижесінде спортшы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында алған алтын медальдарын қайта тапсыруға мәжбүр болды.

Бұл туралы Илья Ильиннің өзі де пікір білдіріп, Instagram желісіндегі ресми парақшасында ешқандай допинг қолданбағанын айтады.

"Мен өзімді кінәлі деп санамаймын, өйткені менде дәйекті дәлелдер жетерлік. Сонымен қатар баспасөз мәслихаттарының бірінде мен егер мемлекет тарапынан түскен қаражатты қайтаруды сұраса, мен толықтай қайтарамын дедім. Бұл үшін еш өкінбеймін, өйткені мені әрқашан халқым қолдады. Менімен бірге жеңіске жеткен де, қуанған да – халық!", - деді Илья.

Сонымен қатар Илья Ильин бұл кезеңнің өзі үшін қандай қиын болғанын да тілге тиек етеді.

Бұл уақытқа дейінгі жүріп өткен жолымда қандай құрбандыққа барғанымды біреу білсе, біреу білмес. Мен спорттық мансабымда жастық шағым мен денсаулығымды құрбан еттім, бірақ қазір оны қайтара алмаймын. Алайда, дәл осы жолды қайтадан өтуге маған мұрша берсе, мен еш ойланбастан келісер едім", - деді спортшы.

Осы бір ұзақ үзілістен кейін 2018 жылдың 10 маусымында Илья Ильиннің дисквалификациясының мерзімі аяқталып, отандасымыз ауыр атлетикаға қайта оралған болатын. Спортты қайта жалғастыруға шешім қабылдаған ол Токио Олимпиадасына баруды жоспарлап, тіпті Азия чемпионатында үздік бестіктің қатарына енді. Алайда ұзақ жылғы үзіліс те әсер етіп, денсаулығы да сыр беріп, 2020 жылдың мамыр айында спорт мансабын аяқтауға бел байлайды.

"Мен не үшін өкінемін? Бұл менің өмірім, әр қадамымды өзім қалағандай жасадым. Мен бәрін өзіме ыңғайлы етіп жасадым. Ал орта жолда кездескен кедергілер – менің өмірдегі үлкен сабақтарымның бірі болды", - деп жауап берді Илья Ильин.

Спорт мансабын аяқтағаннан кейін Қызылордадағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалды, өзінің киім брендін шығарды. 2022 жылдың күзінде спортшы өзінің онлайн академиясын ашты. 2023 жылдың желтоқсанында спортшы тізесіне ота жасатады. Қазіргі таңда ауыр атлет спорттық шараларға үнемі қонақ ретінде қатысып тұрады. Ал 2023 жылы Илья өзі менеджер болып қызмет етіп жүрген Қазақстан ауыр атлетика федерациясын басқаруға дайын екенін мәлімдеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды