RUN FOR YELDAR: Студентті емдеуге арналған қайырымдылық марафоны өтті

25.05.2024, 15:15
1102
RUN FOR YELDAR: Студентті емдеуге арналған қайырымдылық марафоны өтті MNU

Maqsut Narikbayev University мен Астана қалалық Триатлон федерациясы бірлесіп Елдар Қармысұлының емделуіне қаржылай көмек көрсету мақсатында марафон ұйымдастырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Триатлон саябағында Maqsut Narikbayev University мен Астана қалалық Триатлон федерациясы бірлесіп ұйымдастырған RUN FOR YELDAR - MNU MARATHON 2024 қайырымдылық марафоны өтті.

Жыл сайын «Endowment MNU» КҚ студенттерді қолдау және бүкіл MNU қоғамдастығының әлеуметтік жауапкершілігін нығайту мақсатында қайырымдылық жүгіру марафонын өткізеді. Марафонға студенттер, түлектер, MNU қызметкерлері және еліміздің барлық ниет білдірген азаматтары қатысып жатыр. 

Жыл сайын өтетін марафонның биылғы мақсаты Maqsut Narikbayev University 3 курс студенті Елдар Қармысұлының емделуіне қаржылай көмек көрсету. Елдарға сүйек кемігін трансплантациялауды қажет ететін пароксизмальды түнгі гемоглобинурия диагнозы қойылды. Сол себепті жиналған қаражат оның Түркиядағы емін ұйымдастыруға септігін тигізіп, сауығып кетуіне мүмкіндік береді.

«Өткен жылы біз Астана қалалық Триатлон федерациясымен бірлесіп студентіміз Сабинаны емдеу үшін қайырымдылық марафонынұйымдастырдық, көрсетілген қолдаудың арқасында оның жағдайы жақсарып келеді. Биылғы жылы біз студентіміз Елдар үшін осы қайырымдылық марафонын ұйымдастырудамыз. Іс-шарада жиналған барлық қаражат студенттің емдеуіне жұмсалатын болады. Осы орайда, қолдау көрсетіп, тіркелген барлық қатысушылар мен демеушілерге алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Maqsut Narikbayev UniversityБасқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Астана қаласы Триатлон федерациясының вице-президенті және MNU Alumni Sport Club Президенті Төлепберген Сүйінтаев MNU-да өткен баспасөз конференциясында биылғы жылы марафон Астана қаласының әкімдігі мен спорт басқармасынан айтарлықтай қолдау алғанын атап өтті:

«Марафонға шамамен 500 адам қатысады деп күтілуде, бірақ қажет болған жағдайда біз олардың санын көбейтуге дайынбыз. Біздің мақсатымыз – қалалық ауқымда қайырымдылық марафонын өткізу. Жиналған барлық қаражат MNU студенті Елдарға жіберілетін болады, сондықтан біз баршаңызды осы игі іске қосылуға шақырамыз», - деді ол.

Айта кету керек, RUN FOR YELDAR MNU MARATHON 2024 көмектесуге дайын қаланың түкпір-түкпірінен келген азаматтарды біріктірді. Марафон бірлік пен қолдаудың символына айналып, университеттің кез келген қиындықты бірге жеңе алатынын көрсетті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды