«Астамсып кете ме дедім»: Роза Әлқожа өнер жолын таңдаған ұлын неге қолдамағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.05.2024, 19:17
1624
«Астамсып кете ме дедім»: Роза Әлқожа өнер жолын таңдаған ұлын неге қолдамағанын айтты жеке парақшасынан

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа өнер жолын таңдаған ұлын неге қолдамағанын айтты. Ол Барс Қабаның шығармашылығына қатысты әңгімені "Оян" бағдарламасында өрбітті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Роза Әлқожа қазір жеке әнші ретінде танылып жүрген ұлы Барс Қабаның балалық шағын еске алды. 

"Бірінші бала болғаннан кейін басында бізге бәрі қызық болды. Бейбарыстың жүргені де, күлгені де қызық. Ол көркемсөз оқудың шебері болды, байқауларға қатысты, ән айтты. Соның бәрін қолдап жүрдік. Бірақ бір күні өнерде ерте жұлдыз болып кететін балаларды көріп, "балалық шағы болмай қала ма?", "Әнші болып, жұлдыз болып астамсып кете ме?" деген қорқыныш пайда болды. 

Содан біраз уақыт шығармай, "мектепте жай сабағыңды оқы, көп нәрсеге қатыспай-ақ қойшы" деп біраз уақыт шектедім. Бірақ 6-сыныпта маған "Сіз өзіңіз сахнаны, халықтың қошеметін жақсы көресіз. Біздің де өз құқығымыз бар, таңдау берсеңізші" деді. Содан келістім. Балам боксқа барды, каратеге барды, қайда барса да қолдадым", - деді отандық эстрада жұлдызы. 

Өнер иесі ұлының бағыты мен дауыс ырғағы өзіне ұқсайтынын да жасырған жоқ.

"Бір күні Жүргеневке (Темірбек Жүргенев атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы – ред. ескертпесі) түсемін деді. Сонда "Мен білетін Бейбарыс болсаң, сен өз әніңді өзің орындайтын, гитарамен өзің сүйемелдейтін сазгер-әншісің" деп айттым.

Әбдіжаппарда көңілді әрі энергетикасы басым әндер болса, Бейбарыс салмақты, оның өз қоңыр даусы бар. Сол жағынан маған ұқсайды, қазір өзі мойындап жүр. Енді менен де, Әбдіжаппардан да сұрамай, өзі жеке шығатындай жағдайға жетті", - деді әнші.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды