SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер видео астына мағыналы мәтін жазып қалдырды.
"Өміріңізді кейінге қалдырмаңыз! Кейінге қалған кофенің дәмі кетіп қалады! Кейінге қалған істің қызығы кетіп қалады! Кейінірек күн түнге айналады! Кейінірек жақындарың өсіп, адамдар қартаяды! Кейінірек деп жүргенде өмір өтіп, берілген мүмкіндікті пайдаланбағаныңызға өкініш орнайды!
Кейінірек уақытта қайтару мүмкін емес, кейін... өкіну де кеш! Кейін жасалған таңдаулар мен қабылданған шешімдер тағдырыңызды жасағанын көресіз. Айтқыңыз келген сөзіңізді, ойға алған істеріңізді, өміріңізді кейінге қалдырмаңыз!" - деді ол.
Мұны көрген көпшілік актердің отбасына жақсылық тілеп, ақ тілегін арнады.
"Бақытты болыңдар", "Керемет жұпсыздар, бір-бірлеріңізді толықтырып тұрасыздар", "Бақыттарыңыз баянды болсын", "Тіл-көзден сақтасын", - деп жазды олар.