964

«Обал болды–ау»: Жігер Ауыпбаевтың түйеде отырған видеосы қызу талқыға түсті

Желіде отандық әнші Жігер Ауыпбаевтың түйеде отырған видеосы қызу талқыға түсті.

«Обал болды–ау»: Жігер Ауыпбаевтың түйеде отырған видеосы қызу талқыға түсті
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, эстрада жұлдызы Отырар қалашығына сапарын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Жігер Ауыпбаев тарихи қалашықты таныстырған актер Жүсіп Ақшораға алғыс айтты

"Қарапайымдылықтың символы ғой Жүсіп ағам. Түйеге мінгізіп, өзі жетектеп жүріп, Отырар қалашығын таныстырып шықты", - деп жазды әнші.

Мұны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі керемет көрініске тамсанса, енді бірі түйенің жағдайына алаңдады.

"Керемет көрініс", "Қандай керемет жарасқан, нағыз қазақ", "Түйе түйені көтере ме?", "Түйеге обал болды-ау", "Жігер, түйеге мінгенде өркештен ұстап отыру керек", "Сапар сәтті болсын", - деп жазды жұрт.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор