«132 млн теңге қарызы болды»: Қыран Талапбектің әйелі отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
26.05.2024, 15:58
1775
«132 млн теңге қарызы болды»: Қыран Талапбектің әйелі отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты (видео) жеке парақшасынан

Танымал видеограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш отбасылық өміріне қатысты шындықты айтты. Ол күйеуінің қандай қасиетіне тамсанатыны жайлы Youtube желісіндегі Kyran Films арнасында баяндады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осыған дейін көпшілікке актриса ретінде танылған Гүлзада Тұрлаш күйеуінің тәуекелділігі жетістікке жетелегенін атап өтті.

Әңгіме барысында ол жолдасының өзіне қойған талабын да атауды ұмытпады.

"Қыранмен танысқанда оның 132 млн теңге қарызы болды.Оның жабуға ақшасы да болған жоқ. Мұны айтуға бола ма, болмай, білмеймін. Жүріп жүрген кезде "Сен қалай ойланасың? Не істейміз? Қалай жабасың?" дедім. Қыран маған сонда "Менде қазір саған бүкіл қалағаныңды сыйлайтын ақша жоқ. Менде қарыз бар.

Егер қасымда болып, бәріне шыдасаң, 1-2 жылда күшті өмір сүресің, қалаған затыңды аласың, қалаған жеріңе барасың. Шыдайсың ба?" деді. Мен келістім. Сол күнге жеттік. Қыран – тәуекелдің адамы. Ол жарты жыл бұрын жауып тастады. Қазір Қыранның тәуекел еткенінің арқасында жақсы үйде тұрамыз. Сондықтан тәуекел етуден қорықпаңыздар", - деді Гүлзада Тұрлаш.

Көпшілік ер адамның табысқа жетуіне әйелдің ықпалы бар екенін айтып, оң пікірін жазды.

"Сондай ер адамдарды жақсы көремін", "Негізі ер адамға әйелдің қолдауы болса, тауды да қопарады", "Ол күйеуіне сенім артты, бұл керемет қолдау", "Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің", "Осындай қыздар көп болсын", - деп жазды жұрт.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды