«Жалынып та, жылап та айттық»: Маңғыстауда Бегей ауылы тұрғындары жаңа әкімге талап қойды (ВИДЕО)

26.05.2024, 17:16
987
«Жалынып та, жылап та айттық»: Маңғыстауда Бегей ауылы тұрғындары жаңа әкімге талап қойды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ауыл тұрғындары әлеуметтік желі арқылы өңірдің жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбаевқа бейнеөтініш жолдады. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселе – жолдың жоқтығы. 

Тұрғындар бірнеше рет Ақшұқыр әкіміне жүгінген. 2023 жылы ол жолды істеуге уәде берген, бірақ нәтиже болмаған.

– Ақшұқыр ауылының жанайқайы – 13 шақырымдағы Бегей ауылының тұрғындарымыз. Әкімге жалынып та, жылап та айтық. Жыл да айтатын бір әңгімесі – жобалық-сметалық құжаттама дайын емес дегені. 2023 жылы наурызда бір айтылған, содан бері тағы жоқ. Бізге такси де келмейді, автобус та жүрмейді. Су да жоқ, жол да жоқ. Қоқысты ауылымыз болып өзіміз тазалаймыз. Осы жерде бір балалар апатқа да түсті. Қосымша асфальт сұрадық. Енді біз басқа кімге айтамыз? – дейді ауыл тұрғындары.

Lada.kz ақпарат көзінің мәліметінше, Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі осы үндеуге жауап қатты.

– Ақшұқыр ауылының "Бегей" тұрғын алабының жер учаскесі 2023 жылға дейін ауданға тиесілі болған. 2023 жылы аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес Ақшұқыр ауылына берілді. Қазір аталған аумаққа және ауылдың қолданыстағы бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр, - деп түсіндірді шенеуніктер.

Бүгінде "Бегей" тұрғын алабында 100-ге жуық тұрғын үй бар. 2022 жылы олар толығымен орталықтандырылған электр және газбен қамтамасыз етіген. Ауыз су тұрғындарға су таситын көліктер арқылы жеткізіледі.

– Кентішілік жолдарды салу және ауыз су желілерін қосу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ол мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін осы жылдың соңына дейін қаржыландыруға ұсынылатын болады, - деп хабарлады Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Абаттандыру бағдарламасы аясында биыл Ақшұқырда 10 жаңа аялдама салу жоспарланған.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды