Үйді босатуға үш апта уақыт берілген: Петропавлда шенеуніктер дәрігерлерді пәтерінен қуып жатыр (ВИДЕО)

26.05.2024, 17:55
856
Үйді босатуға үш апта уақыт берілген: Петропавлда шенеуніктер дәрігерлерді пәтерінен қуып жатыр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Петропавл қаласында дәрігерлер шу шығарды, себебі шенеуніктер ақ халаттыларды қызметтік пәтерден қуып жатыр екен. Әкімдік өкілдері он жылдан кейін баспананы жекешелендіріп аласыздар дегеніне сендік деген медицина мамандары енді далада қаламыз деп қорқады. Бұл туралы 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жиырмаға жуық дәрігер шенеуніктер қызметтік үйден қуып жатыр деп күйінеді. Ал пәтер кілті берілгенде он жылдан кейін жекешелендіріп аласыздар деп медицина мамандарын қуантыпты. Бірақ атқамінерлердің уәдесі тек сөз күйінде қалды дейді шағымданушылар. 

Бізді 10 жылдан артық тұрып жатсыңдар деп шығарып жатыр. Бірақ мына үйде бізден басқа театр қызметкерлері тұрып жатыр. Ал олар пәтерлерін өз аттарына түсіріп алған. Бізде сөйткіміз келеді, – деді психиатр-нарколог Раушан Баймағамбетова. 

Жиналғандардың барлығы – аймақта тапшы мамандар. Арасында анестезиолог, рентгенолог, эндоскопист және жедел жәрдем дәрігерлері бар. Олар жағдай жасалған басқа өңірге көшіп кетуден басқа амал жоқ деп отыр. 

Бізге пәтер сатып алатын мүмкіндіктеріңіз болды дейді. Мен өз басым жалғызбасты анамын. Пәтер кезегі жылжымайды. Несиеге ала алмаймын. Енді үйден шық деп жатса басқа жаққа кетемін. Көкшетауда біз сияқты мамандарға тегін үй береміз дейді, – деді рентгенолог-дәрігер Наталья Досанова.

Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілдері былтыр шыққан қаулыны алға тартты. Құжатқа сәйкес бұл үйлер енді дәрігерлерге 5 жылға уақытша тұруға ғана беріледі. Ал денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін өзге 400 отбасы баспанаға мұқтаж. 

Он жылдың көлемінде тұратын дәрігерлерге біз ескерту бердік. Неліктен? Бізге биыл келетін жас дәрігерлеріміз бар, екі жылдан көп уақыт пәтер жалдап жүрген дәрігерлеріміз бар. Осы дәрігерлер үйіне көшкісі келетіндер бар. Соған байланысты он сегіз дәрігерге хабарлама бердік. Бұл барлығы заңды түрде, – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов. 

Дәрігерлерге пәтерді босатуға үш апта уақыт берілген екен. Бірақ наразы топ бала-шағасымен қайда барарын білмей отыр. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген