Владимир Зеленский: Ресей әлемді бөлуге ұмтылып жатыр

26.05.2024, 20:37
646
Владимир Зеленский: Ресей әлемді бөлуге ұмтылып жатыр ашық дереккөзден

Украина президенті Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің журналистеріне берген сұхбатында Ресей Федерациясымен қақтығыстың жаһандануы туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлнәр Бажкенованың әлемнің екіге бөлінуі туралы сұрағына Украина президенті жауап берді. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Бұл Ресейдің қалауы. Ресей әрқашан осыны қалайды; оларға Ресейдің оқшаулануы емес, әлемді бөлу керек. Тек осылай ғана Путин Ресейдің саяси және экономикалық оқшаулануынан құтыла алады. Әлемді бүтіндей бөліп-жармақшы. Ол үшін жанжалдың нәтижесі де  маңызды емес. Сіз түсінесіз, Израиль, Палестина, Сирия, Африка, Венесуэла... Оған кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екені мүлдем маңызды емес. Ол нәтижеге емес, процеске мән береді. Өйткені процесс болған кезде тұрақсыздық болады. Қалай болғанда да, адамдар бөлінеді. Біреулер үшін бұл қорғаныс, біреулер үшін терроризм. Біреулер үшін бұл еврей мәселесі болса, біреулер үшін мұсылмандық мәселе. Отқа май құйып отырғандар барда бәрібір дүние бірікпейді. Негізінен қару қолданбай, ядролық қарумен қорқытпай-ақ бәрін келісе беруге болады.

Барлығын келісуге болады. Ақылды адам қай кезде келіссөз жүргізуі керек? Соғыс алдында. Соғыс кезінде кім келіссөз жүргізеді? Кім күшті болса. Немен келіседі? Ультиматум. Болып жатқаны осы, неге соғысқа дейін осының бәрін қалай аяқтаймыз деген формат тапқысы келмеді. Бірақ ол ешқандай ақылға қонымды нәрсе айтқан жоқ, тек «жоқ, аумақты мойындаңыз», «жоқ, бұл менің жерім» дегеннен басқа.

Ал одан бес жыл бұрын ол (Путин) Қырымда ресейлік әскерлер жоқ деген болатын. Бұл мүлдем өтірік... Өкінішке қарай, ол әлемдегі үздіксіз қақтығыстар процесін басқаруда. Бұл әлем оған осындай мүмкіндік беріп жатқанын көрсетеді, - деп жауап берген Владимир Зеленский.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты