Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?
Маусым айында Құрбан айт мейрамы үшін қосымша демалыс берілмек.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар маусым айында қосымша демалыс алады.
Заң бойынша Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Маусым айында ол 17-не (дүйсенбіге) келеді. Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан – 15-17 маусым аралығында демалыс алады.
Құрбан айт – Меккеге қажылық сапарының аяқталуын білдіретін мұсылман мерекесі.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші