«Өкінішке қарай қазақ қауымы білім-ғылымнан ада болып барады» – Ахметбек Нұрсила

Аиса Махамбет Редактор
26.05.2024, 21:45
1027
«Өкінішке қарай қазақ қауымы білім-ғылымнан ада болып барады» – Ахметбек Нұрсила бейнежазбадан алынған кадр

Кәсіпкер өзінің ғылым–білімнен шет қалған замандастарынан көңілі қалғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook желісінен 3 айға үзіліс жасайтынын айтып, өз ренішінін жеткізді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

3 айға ФБ дан кетіп барам, бұл біраз уақыт қой. Бірінші себебін алдыңғы посттымда жаздым. Екінші себебі «Мұңдасарға кісі аз сөзді ұғарлық»))) (Абайда мүлде жоқ, менде шүкір аз да болса бар)))

Өкінішке қарай қазақ қауымы білім-ғылымнан ада болып барады. Бір кездері Екатерина қазаққа құлдық сана сіңіруді қожа- сарт-татарларды жалдап «Указной молда» жіберу арқылы жасап еді.

Математика ғылымының докторы базарда тәшкі итеріп жүрген адаммен қалай, не деп дауласады? Осы посттың астына «Мына хайпажор, мақтаншақ, әулекі, адасқан ақымақ тағы небір теңеулер кетер екен))) : «Өзінше профессор, бізді оқымаған надан деп отыр» деп жаза бастайтындар мол екеніне күмәнім жоқ

Ал 40-70 жас аралығындағы замандастарымның неге бұндай болып кеткенін әлі түсіне алмай жүрмін. Мүлде кітап оқымаған, мектеп көрмеген жандармен сөйлескендей әсер аласың((( Бірдеме жазсаң мүлде байыбына бармай, оқымай, не жазып отырғаныңды түсінбей ақ балағаттап, қарғап, мазақтап бастайды(((

Мен керемет дарындық, әулие, данышпан адам емеспін, қарапайым ауылдың мектебін бітірген қазақтың бір азаматымын. Айырмашылығым уақытымның 70-80% кітап оқумен, білім алумен өткіземін, сондықтан көбірек білемін, бар болғаны сол

Күрделі деген медицина саласында қазір көптеген профессор, ғылым докторларымен бірдей деңгейде сөйлесетін, тіпті әлем медицинасы пұшайман болып, шамасы келмей жатқан дерттерді емдеп жазып жатырмын. Былтыр Алматыдаға кордиология институтының 28 жылдық тәжрибесі бар Хван деген флеболог (қан тамырлары ауруын емдейтін дәрігер) дәрігермен 2 сағат сөйлескен соң «Мен сізді институттың директорымен таныстырайын, бізге келіп лекция оқыңызшы» деп шақырған еді

Кейде өзімді Алатаудың шыңына шығып кетіп, сол жерден жыра-жырада адасып жүрген адамдармен «Мына жерде арық бар, ана жерде жар бар» деп дауласып отырғандай әсер аламын((

Қазақ әлі қалың ұйқыда, басын төмен салып алып, жоғары қарауға қорқып, уағызға уланып, өз болашағына өзі балта шауып жатқан қауым(((

Әлем халқы да оянды деп айта алмас едім.
Леонардо ди Каприоны «Дом» деген документалды фильмін және «Не смотри вверх» атты көркем фильмін көрген адамның аз да болса көкірек көзі ашылар еді.

Әлемде ОЯНҒАН адамның бірі осы Леонардо ди Каприо, бірақ өкінішке қарай оны еститін адам жоқ(((

Осы постым ой салған ФБ достарыммен 3 айдан соң қайта қауышып, әңгімелесерміз. Сөге жамандамаңыздар.

Құрметпен Ахметбек Нұрсила, — деп жазды кәсіпкер.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады