Француз фильмдері алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі

27.05.2024, 20:02
680
Француз фильмдері алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі canva.com

Қазақстанда француз премьераларының апталығы ұйымдастырылып, одан кейін қазақ тіліндегі француз фильмдері ұсынылады.

Францияның Қазақстандағы елшілігінде Қазақстан мен Францияның киноөндіріс саласындағы ынтымақтастығы туралы толығырақ айтылды.

– Біз қазан айында француз фильмдері премьераларының апталығын өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда ең танымал француз фильмдері қазақстандық көрермен назарына ұсынылады. Премьера аптасынан кейін біз алғаш рет қазақ тіліне дубляждалған француз фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Біз Франциядағы қазақ фильмдерін қолдауға дайынбыз. Сондай-ақ Францияның ұлттық кинематография және анимация орталығы (CNC) сарапшыларының Қазақстанға жұмыс сапары ұйымдастырылады, - деп хабарлады Францияның Қазақстандағы елшілігі.

Сондай-ақ екі бағыт бойынша тұрақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр: бірлескен кино өндірісі және екі жақты кинопрокат.

– Білім беру семинарлары мен қазақстандық мамандарды Францияда оқыту мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Мемлекеттік киноны қолдау орталығымен және сала мамандарымен бірлесе отырып, ең пайдалы бағыттарды анықтауға күш саламыз», - деп нақтылады Францияның Қазақстандағы елшілігі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ұлттық кинематографиясын қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы Канндағы халықаралық кинофестиваль аясында ынтымақтастық туралы қосымша келісімге қол қойды. Тараптар киноөнімдерін тарату мәселелері бойынша ынтымақтасуға келісті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді