Инновация және тәжірибе: Қазақстан делегациясы ШЫҰ Жоғарғы соттары төрағаларының ХІХ кеңесіне қатысты

28.05.2024, 18:39
529
Инновация және тәжірибе: Қазақстан делегациясы ШЫҰ Жоғарғы соттары төрағаларының ХІХ кеңесіне қатысты Жоғарғы сот

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының ХІХ кеңесі өтті.

 

Іс-шараға Өзбекстанның Жоғарғы соты, Үндістан, Иран, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері жоғары сатыларының басшылары қатысты. Қазақстан тарапынан Жоғарғы сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов қатысты.

А.Мерғалиев өз сөзінде іс-шараның озық тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызы зор екенін атап өтті. ЖС Төрағасы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жеке тоқталды.

Н.Ахметзакиров пен А.Жүкенов баяндамаларында Қазақстанның сот жүйесіндегі жетістіктеріне тоқталды. Олар татуластыру рәсімдерін заңнамалық ынталандыруды енгізу талап қоюлар санын қысқартуға мүмкіндік бергенін, ал IT-технологияларды дамыту адами ресурстарды айтарлықтай босатқанын, соттағы қателіктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтқанын айтып берді.

Қазақстандық инновациялар жоғары бағаланып, кеңеске қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Қазақстандағы сот төрелігінің тиімділігіне ерекше назар аударылды: екі жыл ішінде азаматтардың мемлекетке қарсы ұтқан дауларының пайызы 15 пайыздан 60 пайызға дейін өсті.

А.Мерғалиев іс-шара аясында Қытай, Ресей және Өзбекстан Жоғарғы соттарының төрағаларымен екіжақты кездесу өткізді. Іс-шара соңында ЖС төрағалары өзара пікір алмасып, бірлескен мәлімдемені қабылдау рәсіміне қатысты. Келесі кеңес Қытайда өтеді.

Қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке бидің 380 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан делегациясы оның кесенесіне барды. Бұл бағдарламаның маңызды мәдени оқиғасына айналды.

Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО)