Қазақстан мен Нидерланд су тасқынына қарсы мамандар даярлау жөнінде келісімге келді

29.05.2024, 11:56
602
Қазақстан мен Нидерланд су тасқынына қарсы мамандар даярлау жөнінде келісімге келді gov.kz

Келісім тасқын суын реттеу мен пайдалануда тәжірибе алмасу, сондай-ақ өзен ағындарын бақылауда Нидерландының тәжірибесін зерттеуді көздейді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі екіжақты меморандумдарға қол қойды.

Құжаттарға қол қою рәсіміне су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, бірінші вице-министр Болат Бекнияз және Нидерланд мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Николаас Схермерс қатысты.

Алғашқы құжат - Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастықты нығайтуға арналған.

Дельфт су білімі институтымен (IHE Delft) қол қойылған екінші меморандумда су саласының мамандарын даярлау, су саласында ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Нидерланд мемлекетімен қарым-қатынасымыздың маңызды кезеңінде ынтымақтастығымыздың ауқымды және перспективалы жобаларды іске асыруға көмектесетініне, ал тәжірибе мен технология алмасу отандық су саласының әлеуетін ашуға мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтты.  

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады