АХҚО БАӘ инвесторларын Қазақстанға шақырды

29.05.2024, 12:41
936
АХҚО БАӘ инвесторларын Қазақстанға шақырды AIFC

Дубайда өткен AIFC Connect іс-шарасына 100-ден астам компанияның өкілдері қатысты

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

28 мамырда «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері «AIFC Connect: UAE 2024» іс-шарасы аясында Дубай бизнесмендеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, оның Орталық Азиядағы экономикалық рөлі және АХҚО-ның қызметі туралы айтып берді. Іс-шараға 100-ден астам компанияның – инвестициялық банктердің, халықаралық қаржылық, консалтингтік компаниялардың, заң фирмаларының 130-дан астам өкілі қатысты.

Іс-шара аясында екі панельдік сессия өтті, онда спикерлер капитал нарығының даму перспективаларын, сондай-ақ белсенді дамып келе жатқан Орталық Азия өңіріндегі қаржылық қызметтер саласындағы өзгерістерді талқылады. Баяндамашылар арасында S&P Global Ratings егеменді рейтингтер жөніндегі директоры Заабия Гупта, Astana International Exchange биржасының Басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова, «АХҚО әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Темірлан Мұханбетжанов, Halyk Finance Басқарма төрағасы Фархад Охонов, «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова, «Қазатомөнеркәсіп» қаржылық бақылаушысы Дархан Әбдімолдаев, SkyBridge Invest филиалының директоры Замира Сүндетова, Amicorp операциялық директоры Робин Хокжан, Al Maryah Community Bank бас директоры Мохаммед Вассим Хайата, UBA Group Таяу Шығыстағы бас директоры Викрант Бхансали болды. 

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Нәжмедин Мұхаметәлиұлы жиналған қауымға ілтипат сөзін арнап:

«Біз Біріккен Араб Әмірліктерімен тығыз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы әріптестік экономикалық әлеует пен іскерлік мүддеге және өзара құрмет пен ортақ құндылықтарға негізделеді. Экономикалық дипломатия біз үшін өте маңызды. Қазақстан Елшілігі инвестицияларды тарту, елдің мүмкіндіктерімен таныстыру және инвесторлар мен жергілікті бизнес арасындағы байланыстарды орнату бойынша белсенді жұмыс жасауда. Біздің экономикалық әріптестігіміз одан әрі кеңейіп, жаңа салаларды қамтиды деп сенемін», – деп атап өтті.  

Бүгінгі таңда АХҚО-да БАӘ-нің 33 компаниясы тіркелген, олар холдингтік компаниялар, жобалау, құрылыс және қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар, маркетинг және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу жөніндегі кәсіпорындар ретінде жұмыс істейді.

Қаржы орталығының артықшылықтары туралы айта келе, АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: 

«АХҚО – «Орта дәліз», «Белдеу және жол» сияқты ірі инфрақұрылымдық бастамалар аясындағы мәмілелерді құрылымдау үшін тамаша алаң. «Орта дәліз» жобасы аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының еншілес кәсіпорны Abu Dhabi Ports Group-пен бірлесіп, біздің орталықта Caspian Integrated Maritime Solutions бірлескен кәсіпорнын тіркеді», – деп атап өтті.

Бұдан басқа, АХҚО Басқарушысы:

«Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық қаржы секторына да таралуда. Бұл ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі – Astana International Exchange-тың Tabadul цифрлық биржалық хабына қосылуы болды. Abu Dhabi Securities Exchange (ADX), Бахрейн биржасы және Muscat Securities Market биржасы мүшелері болған бұл өңірлік биржалық хаб нарықтарға өзара қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – деп атап өтті.

27 мамырда Әбу-Даби биржасында (ADX) екіжақты биржа аралық сауда үшін ADX құрған Tabadul цифрлық биржалық хабына AIX-тің қосылуына арналған Ring the Bell салтанатты рәсімі өтті. ADX биржасы Tabadul хабын 2022 жылдың шілдесінде нарықтарға өзара қол жеткізу моделі бойынша жұмыс істейтін өңірдегі алғашқы цифрлық биржалық сервис ретінде іске қосты. Платформа ынтымақтастықты нығайтуға және қатысушы нарықтардағы өтімділікті арттыруға бағытталған қатысушы биржалар арасындағы сауда үшін өңірлік және жаһандық деңгейдегі цифрлық биржа желісін құрайды.

 

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады