Vietjet Air әуе компаниясы Qazaq Air-дың 38 млрд теңге қарызын жапты

29.05.2024, 13:23
964
Vietjet Air әуе компаниясы Qazaq Air-дың 38 млрд теңге қарызын жапты basnews.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Qazaq Air әуе компаниясын шетелдік инвесторға сатудың себептері мен оң тұстарын атады.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
 

«Vietjet Air компаниясы қазірдің өзінде 184 бортқа ие және бұл компанияның бірнеше міндеті бар. Бірінші, «Qazaq Air» компаниясының 38 млрд теңге сомасындағы қарызы толығымен жабылды. Екінші, Қазақстанда тіркелетін қосымша 20 әуе рейсін іске қосады, тұтастай алғанда компания Қазақстан аумағында 50 әуе бортына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз 5 жыл ішінде Қазақстанда қосымша жаңа 50 борт келеді және инвестиция сомасы 5 млрд теңгеден кем болмайды. Салыстырсақ, нарықта 23 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Эйр Астана» әуе компаниясының 50 әуе борты бар», - деді Мәжілістің алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Марат Қарабаев. 

Оның айтуынша, вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы елімізде қосымша 4 мың жаңа жұмыс орнын ашады. 

«Сол сияқты ел ішінде ғана емес, халықаралық рейстер де болады. Сонымен қатар біз компаниямен, инвестормен әуежайларды ұсыну туралы мәселені талқылаймыз. Әуе борты 50-ге дейін ұлғаяды десек, оларды орналастыратын әуежай болуы керек. Біз бірнеше әуежайды қосымша инвестициялар салынатын шарттармен сенімгерлік басқаруды беру мәселесін қолға алмақпыз. VietJet Air компаниясы әуежайға негізделген хаб ғана емес, оны Қазақстанға жүктерді жеткізу және оның ішінде Қазақстан аумағында басқа елдерден жүктерді жинау орталығы ретінде пайдалануды және одан әрі оны Қазақстаннан тыс жерде тасымалдау жағында қарастырамыз. Компания Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысындағы және басқа әуежайларға қызығушылық танытуда. Бұл біздің келіссөздер ұстанымымыз, соңғы шешім қосымша хабарланады», - дейді ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды