Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіттің мүрдесі табылды

29.05.2024, 19:32
611
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіттің мүрдесі табылды Атырау облысының жедел штабы

Атырау облысында екі жігіттің бірі 6 күн бұрын, екіншісі кеше із-түзсіз жоғалып кеткен.

 

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, жоғалғандардың бірі 23 мамырда Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылынан жеке қайығымен балық аулауға барған. Ал, Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылында тұратын екінші жігіт 28 мамырда мал жаюға шыққан. 

«Бүгін 29 мамырда сағат 15:55-те жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жылыой ауданында жоғалған 1991 жылғы ер адамның мүрдесін Қамыскөл көлінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал, сағат 16:15-те Махамбет ауданының Ақжайық ауылынан өріске мал айдап шыққан 26 жастағы жігіттің мүрдесі Жайық өзенінен жайылмаға шыққан тасқын судан табылды», – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Жоғалған жігіттерді іздеуге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен, аудандық полиция бөлімі мен жергілікті органнан 24 адам, 6 техника, 4 моторлы қайық тартылған.

«Қазір өңірдегі су айдындарында, әсіресе Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі әлі тұрақтаған жоқ. Өзен суы арнасынан асып, жайылмаға тарады. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Жайық өзенінде ағыспен ағып келген қоқыстар, ағаш қалдықтары және басқа заттардың адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады