Үкіметте 5G желісін дамыту, Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту мәселесі талқыланды

29.05.2024, 20:05
582
Үкіметте 5G желісін дамыту, Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту мәселесі талқыланды Үкімет

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

 

Ауылдық елді мекендерде байланыс желілерін орнату және Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту жобаларын іске асыру барысы қаралды. Сондай-ақ 5G желілерін дамыту және Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығын орындау мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында Роман Скляр жобалардың орындалу қарқынын және сапалы интернетке қосылуды жеделдетуді тапсырды. Әкімдіктер мен байланыс операторларына антенна-діңгек құрылыстарын орнату бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тездетіп әзірлеу міндеті қойылды.

Деректерді тасымалдау мақсатында транзиттік әлеуетті арттыру үшін Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желілерін тарту және «Батыс – Шығыс» гипермагистралін салу жұмыстары жедел жүргізілетін болады.

Байланыс қызметтерін сапалы көрсету, интернеттің қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша кемшіліктерді жедел жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)