"Қыдырәлі ағамен жұмыс істеп жүргенмін": Нұржан Қалжан өзін алып кетуге келген Майкл Джексонның продюсерімен кетпегеніне өкінеді

30.05.2024, 11:36
1198
"Қыдырәлі ағамен жұмыс істеп жүргенмін": Нұржан Қалжан өзін алып кетуге келген Майкл Джексонның продюсерімен кетпегеніне өкінеді Бейнежазбадан

Нұржан Қалжан: "АҚШ-тан Майкл Джексонның алғашқы продюсері келді. Ол мені шақырды".

Эстрада әншісі Нұржан Қалжан «ХабарLike» бағдарламасына Аман Тасығанға берген сұхбатында өткенге деген өкініші туралы айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Өнер иесі алғашында эстрадаға емес, дәстүрлі әншікке келіпті. Десе де, Арман Дүйсенов оның эстрада ауысына себеп болған екен. 

"Түркістанда, Алматыда байқауларға қатысып, жеңіп, эстрадаға қадам бастым. Одан кейін Қытайға бардым, ол жақта да жеңіспен қайттым. Қытайдан келгеннен кейін АҚШ-тан Майкл Джексонның алғашқы продюсері келді. Олар мені Америкаға жұмысқа шақырды, «2 жыл тіл үйренесің, кейін ән жазып, шығарамыз, егер де әндерің хит болып, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналасың» деді. Мен ол уақытта Қыдырәлі Болманов ағамызбен жұмыс жасап жүрген болатынмын, шыны керек, ол кезде бір ауыз орысша білмейтін ауылған келген бала болдық. Содан «орысшаны өзім білмеймін, ағылшыншаны мүлде білмеймін, ол жаққа барып қалай ән айтамын? Қалай болады?» дедім де, «білмеймін, көрейін» дедім", - дейді ол.
Арадан 2 жыл өткен соң Қыдырәлі Болмановтың продюсерлігінен кетіпті.

"Кеткеннен кейін тағы да АҚШ-тан сол кісілер қоңырау шалып тұр. Менің продюсерсіз екенімді естіп, Толқын деген аудармашы қызбен хабарласып тұр. Сөйтіп олар маған «біздің ұсынысымыз әлі де күшінде, егер келемін десең, ертең Қазақстанға барып, сені алып кетеміз» деді. Мен сонда да қорықтым, мүмкін ауылдан шыққан, сыртты көрмегендіктен болар, тағы бармадым. Әлі күнге дейін сол шешіміме өкінемін, «құрып кетсем де, баруым керек еді» деп ойлаймын, өзегімді өртейтін осы өкініш бар.

Одан кейін Лондонға шақырды. Ол кезде «Бұлбұл құс» әні хит, көпке танымал еді. Сол уақытта ағылшынша-қазақша аралас сөйлейтін қазақтар келді, қазақша аса қатты білмейтін. Олар «осы ән Ұлыбританияда жақсы тарап жатыр, осы әнді енді ағылшынша жазсақ, бүкіл әлемге танылады, миллионер боласың» деді", - деген әнші сол уақытта өмірінде қиындық көбейіп, одан да бас тартқанын айтады. 

Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды