Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиев ұсталды — Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады.
Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КЕАҚ басқарма төрағасының ұсталғанын растайды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, агенттіктен ақпараттың толықтырылатыны айтылды.