«Еңбегімді дәлелдей алмай, жарты ғасыр өмір өтіп барады»: танымал опера әншісі өкінішін жеткізді

30.05.2024, 14:44
2770
«Еңбегімді дәлелдей алмай, жарты ғасыр өмір өтіп барады»: танымал опера әншісі өкінішін жеткізді mairaopera

Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер саласында жүріп, «Халық әртісі» атағын алмағанын жеткізді.

Өнер иесі Қырғыз Республикасы ұлттық консерваториясының “Құрметті профессоры” атағына ие болған. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

«Қырғыз Республикасы Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Еларалық форум әлемнің 52 елінен келген қонақтарды бей-жай қалдырмады. Бұл кездесу музыка саласында сенсация болды. Қырғызстан ұлттық консерватория ректоры әрі халық артисі композитор Мұратбек Бегалиев мырзаның әлемдік аренадағы беделі мен шақыруының арқасында ұмтылмас тарихи кештер өтіп жатыр», – дейді өнер иесі.

Кезінде шетелден шақырту алса да, өз елінде қалуды жөн көргенін айтады.

«Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп менің шәкірттерім халықаралық жүлделер алып жеңіспен оралғанда еңбегімді ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақы 17 000 теңге. Күлкім келеді ойласам. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың. Ал Қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваторияның профессор атағын баяғыда беріп қойған маған. Ал біздегі атақ жайлы ойлаудың өзі жаныңа батады. Халық әртісі атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояйын. Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай, бағалата алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады. «У вас все впереди» дейтіндерге айтарым, атаңның басы! ...Бәрін айт та бірін айт, Лариса Гергиевамен 30 жылдан соң кездескен бұл кеш талай өткенді еске салды. 1995 жылы Халықаралық Римский-Корсаков конкурсына қатысқан кезімде Лариса апамның «Мариинский театрға қалсаңызшы, Валерий Гергиев жаңа директор болды. Талантты жас әншілерді қолдайды» деген ұсынысына орысша білмегенім үшін жүрексініп, рақметімді айтып елге оралған болатынмын. Кеше апам соны айтып, «Ал енді не болды, сен сол кезде мені тыңдағаныңда осы күні қай жерде жүрер едің?» дегенде, жастық шақта істеген қатемді енді түсіндім, «Это судьба, Маэстро» дегеннен басқа сөз таппадым. Иә, тағдыр өз қолыңда. «Қасыңда дұрыс жол сілтеп, ақыл айтатын ұстазың болсын» дегім келеді жастарға!» – дейді опера әншісі.

Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр