АҚШ Елшілігі Қазақстанның заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді — Джуди Куо

30.05.2024, 17:01
700
АҚШ Елшілігі Қазақстанның заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді — Джуди Куо QazaqForum

АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Қазақстанды Орталық Азияның күшті державаға айналатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Елшілігінің қолдауымен өтіп жатқан қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумында АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо Қазақстан озық технология көшін бастап келе жатқан елдердің қатарында екенін атап өтті.

«АҚШ Елшілігі Қазақстанның жас мемлекет ретінде дамуына қолдау көрсетіп, заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді. Қала берді, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашу бағытында Қазақстан үкіметі, азаматтық қоғамы және жеке сектордағы әріптестерімізбен 30 жылдан астам уақыт бойы баянды байланыс орнатылған. Біз Қазақстанның жас мемлекет ретінде өркендеуі үшін өзінің бай мұрасының тілдік және мәдени дәстүрлерін қабылдап, құндылықтардың ХХІ ғасырдағы өркениетпен үйлесім табатынына сенімдіміз. Бүгінде демократиясы артқан Қазақстан Орталық Азияның күшті державасына айналып, бейбітшілікке жол бастайды», — деді Джуди Куо.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуы қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін айтып берді.

«Біраз уақыт бұрын смартфондардың өміріміздің ажырамас бөлігіне айналатынын білдік пе? Жасанды интеллект те дәл солай біртіндеп тұрмысымызға еніп келеді. Тіпті, шынайы өмір мен виртуалды әлемнің ара-жігін ажырату қиынға соғуда. Жасанды интелдектен туындайтын қауіп-қатерді ұмытпаған жөн. Алдағы уақытта ЖИ адаммен санаспай, өзі шешім қабылдайтын деңгейге жетуі мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек», — деді ол.

Белгілі болғандай, әлемде жасанды интеллекттің қатысуымен 4 трлн АҚШ долларына бағаланатын тауарлар өндіріледі екен. Ал, 2030 жылға қарай барлық көрсетілетін қызметтердің 70 пайызы ЖИ арқылы реттеледі деген болжам бар.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды