SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, KazEnergy бас директоры Әлібек Қуантыров қазір Қазақстан экономикасы қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты.
KazEnergy бас директоры Әлібек Қуантыровтан жаңа лауазымы жөнінде сұралған. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.
"Ішіңіз пысқан жоқ па?"- деп сұрады одан.
"Жоқ, ішім пыспайды. Қызықты. Әр позицияның қызық жақтары бар. Менің әріптестерім бәрін дұрыс істеп жатыр деп ойлаймын. Үкіметке табыс тілеймін, қазір қиын кезең. Менің ойымша, экономика жақсарады. Ең бастысы жаңа салық кодексін қабылдау керек. Біз де өз ұсыныстарымызды енгіздік. Жер қойнауын пайдаланушылардың қызығушылығын арттырып, елден тыс жерлерге әкетуге емес, осында инвестициялауға мүмкіндік берерлік ұсыныстарымыз бар. Екінші мәселе - таусылып жатқан кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға балама салықты енгізу. Бізде ондайлар көп. Мұндай кен орындарына түсіністікпен қарау керек", - деді Қуантыров.
Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қаңтарынан бастап Смайылов басқаратын министрлер кабинетіндегі «экономикалық блоктың» маңызды лауазымдарының бірін басқарды. Содан кейін президент оған халықтың кірісін арттыру бағдарламасын және инфляцияны төмендету шараларын жүзеге асыруды тапсырды.
RUS