Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31.05.2024, 09:14
706
Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды ашық дереккөзден

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» синоптиктері 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Бүгін еліміздің он үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Жезқазған қаласында 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде) төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 31 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облысың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 31 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік–батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 31 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 31 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды